歌词

Айлы түннің аясына
Мұңлы сезім таралды.
Шалқар көлдің жағасында
Жаралы бір із қалды
Жалғыз аққу көл бетінде жүзіп келеді
Көз жасымен тынық көлді тебірентеді
Күйге салып ,мұңын айтып табиғатына
Сол бір аққу махаббатын қайта күтеді
Мұңға толы жүрегімен,
Жалғыздықты жырлайды
Үміт оты жалындаумен,
Пәк сезімі қинайды.
Written by: Ерлан Орынбасаров
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...