歌词
Жүректегі сағынышты жасырамын,
Сәл көрмесем саған қарай асығамын.
Мені сүйген жүрегіңе бағынамын,
Бірақ әттең ,неге сенен алыстамын.
Сол бір кеште келем дедің,
Сені күтіп елеңдедім.
Сағынышым ардағым,
Сені ғана қаладым.
Сол бір кеште келем дедің,
Жүрегімнің емі ме едің?
Аңсағаным арманым
Шырқап әнге саламын.
Мөлдіреген көздеріңнен сыр ұғамын,
Әлеміңді махаббатпен жылытамын.
Сезесің бе,өзгелерден қызғанамын,
Білесің бе,сені ғана ұнатамын.
Written by: Ерлан Орынбасаров