音乐视频

精选于

制作

出演艺人
Марина Бейсехан
表演者
作曲和作词
Хамит Шанғалиев
作曲
阿斯哈尔·杜依山布
作词

歌词

Мангiлiк ел!!!
1
Ұл-қыздары азамат,
Антына адал таймаған.
Жұлдыздары ғаламат,
Жарқыраған, жайнаған.
Бар әлемге танымал,
Ерлерінің есімі.
Мәңгілік Ел бақыттың,
Тербетілген бесігі.
Қайырмасы:
Туған елім менің, Туған жерім менің,
Жайна мәңгілік. Бақыт мекенім.
Шырқап өтем сені, Туған елім менің,
Сені ән қылып. Атамекенім!
2
Күндей нұрлы далам бар,
Айдай сұлу қалам бар.
Біздің елге келуге,
Асығады адамдар.
Көздің жауын алатын,
Тауларым бар, көлім бар.
Жазиралы жанатым,
Сарыарқадай төрім бар.
Сұлулықтың белгісі,
Астанам бар арайлы.
Бүкіл әлем сүйсініп,
Көзін алмай қарайды.
Алға қадам аттаған,
Тұлпарларын баптаған.
Қазақстан өзіңмен,
Мәңгі бақи мақтанам.
Written by: Асқар Дүйсенбі, Хамит Шанғалиев
instagramSharePathic_arrow_out