音乐视频

Роза Рымбаева - Домбыра туралы баллада (К. Дүйсекеев, Ш. Сариев)
在 YouTube 上观看 Роза Рымбаева - Домбыра туралы баллада (К. Дүйсекеев, Ш. Сариев)

精选于

制作

出演艺人
Роза Рымбаева
表演者
作曲和作词
Кеңес Дүйсекеев
作曲
Шөмішбай Сариев
词曲作者

歌词

Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Written by: Кеңес Дүйсекеев, Шөмішбай Сариев
instagramSharePathic_arrow_out