Madina Sadvakasova 的热门歌曲
制作
出演艺人
Madina Sadvakasova
表演者
作曲和作词
Кеңес Дүйсекеев
作曲
Шөмішбай Сариев
词曲作者
歌词
Күй ойнайды қазағымның қанында
Күй ойнайды қазағымның жанында
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі
Күмбірлеген домбырасы барында
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра
Анамыздың сырысың сен, домбыра
Қазағымның жүрегінен жаралған
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер
Ғашықтардың көз жасындай пернеден
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра
Анамыздың сырысың сен, домбыра
Қазағымның жүрегінен жаралған
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра
Домбырадай шежіре жыр болмаған
Даламыздың тағдырларын толғаған
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның
Аманат қып ұрпағына жолдаған
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра
Анамыздың сырысың сен, домбыра
Қазағымның жүрегінен жаралған
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Қазағымның жүрегінен жаралған
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Written by: Кеңес Дүйсекеев, Шөмішбай Сариев