精选于

制作

出演艺人
НұР тобы
表演者
作曲和作词
Бердібек Дәулетбекұлы
作曲
Айыбхан Әбутәліпұлы
词曲作者

歌词

Жағаштай Елікті мен Құлынембес
Дегенге Құлын ембес адам сенбес
Мекен еткен жер жаннаты бұл өлкеге
Әлемнен іздесеңде еш жер жетпес!
Қозы көлі айнадай жарқырайды
Өзені Жағаштайдың сарқырайды
Айналаң қарағайлы жасыл алқап
Бәйшешектің жұпар иісі бұрқырайды
Тау бөктері қарақат
Өзен бойы қызылқат
Теріп тауса алмайсың
Бұйырғанын-оу етіп қанағат
Құлынембес басқа жерге ұқсамайды
Төрт түлік мал қорадан ұзамайды
Шөбі шүйгін суы тұнық дайын астай
Малыңыз тойынады танылмастай
Ұмытасың шаршауды аялдасаң
Ішіне қарағайдың саяласаң
Жұмақғой пәнидегі бұл өлкеміз
Қасиетін қадірлеп бір аяласаң
Жағаштай Елікті мен Құлынембес
Дегенге Құлын ембес адам сенбес
Мекен еткен жер жаннаты бұл өлкеге
Әлемнен іздесеңде еш жер жетпес!
Written by: Айыбхан Әбутәліпұлы, Бердібек Дәулетбекұлы
instagramSharePathic_arrow_out