制作
出演艺人
Кенжебек Жанәбілов
表演者
AYANBAI
表演者
作曲和作词
Самат Скендиров
作曲
Серікзат Дүйсенғазы
词曲作者
制作和工程
Кенжебек Жанәбілов
制作人
歌词
Алма бақтар бүр жарғанда,
Жұпар аңқып нұр жауғанда,
Жалғыз жүрмей бұл жалғанда,
Жаныма кел!
Үміт тербеп от кеудеңді,
Күз басқанда көк пен жерді,
Аңсағанда көктемдерді,
Жаныма кел!
Тағдыр мінез танытқанда,
Жол таба алмай жабыққанда.
Жан-дүниең жалыққанда,
Жаныма кел!
Кел, кел, кел, жаныма,
Жаралған жан сен бағыма, кел!
Кел, кел, кел жаныма,
Айналған жан арманыма, кел!
Ай күлімдеп түнгі аспанда,
Жұлдыздармен сырласқанда,
Көңіліңді мұң басқанда,
Жаныма кел!
Арайланған ақ таңдарда,
Бөленгенде тәтті арманға,
Сол ғажайып сәт болғанда,
Жаныма кел!
Ала бұлттар аунағанда,
Сезіміңді баурағанда,
Жылу таппай жаурағанда
Жаныма кел!
Кел, кел, кел, жаныма,
Жаралған жан сен бағыма, кел!
Кел, кел, кел жаныма,
Айналған жан арманыма, кел!
Written by: Самат Скендиров, Серікзат Дүйсенғазы