音樂影片

Адал Досым (feat. Жарасхан Төлебай)
在 YouTube 上觀看「Адал Досым (feat. Жарасхан Төлебай)」

積分

演出藝人
Қуандық Рахым
演出者
詞曲
Жарасхан Төлебай
作曲
Айдар Сұлтанаев
詞曲創作

歌詞

Шығарып алар тұманнан лезде,
Шын досы болад(ы) расында адамның!
Көңілім тасып, қуанған кезде
Сырымды сенен жасырмағанмын..!
Жаманның сөзін құб(п) алған кезде,
Қаттырақ айтып, ашуға бардың..
Қара бұлт басып, күн ауған кезде
Қасқайып жалғыз қасымда қалдың!!!
Тарланым тау мүсінді,
Айтамын алғысымды
Мен үшін аямадың бар күшіңді!
Ризамын саған досым,
Бастайық заман көшін,
Еркекше қолыңды бер, адал досым!
Жабықсам, басқа жанды күтпедім..
Жалғыз сені іздеп жүремін досым..!
Алатын асу, алда үміттерім,
Бағындырамыз, білемін досым..!
Қазақтың сендей нар жігіттерін
Қиын-ау табу, бұл өмірде шын..!
Мақтанып айтам, мәңгілік менің
Тілегімдесің, жүрегімдесің..!!
Тарланым тау мүсінді,
Айтамын алғысымды
Мен үшін аямадың бар күшіңді!
Ризамын саған досым,
Бастайық заман көшін,
Еркекше қолыңды бер, адал досым!
Тарланым тау мүсінді,
Айтамын алғысымды
Мен үшін аямадың бар күшіңді!
Ризамын саған досым,
Бастайық заман көшін,
Еркекше қолыңды бер, адал досым!
Тарланым тау мүсінді,
Айтамын алғысымды
Мен үшін аямадың бар күшіңді!
Ризамын саған досым,
Бастайық заман көшін,
Еркекше қолыңды бер, адал досым!
Written by: Айдар Сұлтанаев, Жарасхан Төлебай
instagramSharePathic_arrow_out