歌詞
Не болғанын маған айтшы
Көңілсіздік менде сондай
Сенде мені түсінсеңші
Сенсіз өмір сүру қандай
Жүруші едің көп сөйлемей
Кездесуге кейде келмей
Сонда да маған қымбатсың
Махаббат жоқ маған сендей
Кайырмасы
Айтшы жаным тек шыныңды
Түсінбедім мен сырыңды
Сұрап сенен өтінерім
Және арнап өз жырымды
Мен жоқта біреу сенің
Жүрегіңді жаралаған
Мен жоқта біреу сенің
Бар ойыңды мазалаған
Сенсіз өмір сүру маған
Өте ауыр және қиын
Бақытыңды тапсаң егер
Сала алмаймын саған тыйым
Кайырмасы
Айтшы жаным тек шыныңды
Түсінбедім мен сырыңды
Сұрап сенен өтінерім
Және арнап өз жырымды
Written by: Алтынбек Ташимбетов