音樂影片

Роза РЫМБАЕВА - Желсіз түнде жарық ай (альбом "Әнім Аққу")
在 YouTube 上觀看「Роза РЫМБАЕВА - Желсіз түнде жарық ай (альбом "Әнім Аққу")」

積分

演出藝人
Роза Рымбаева
演出者
詞曲
Абай Кунанбаев
詞曲創作

歌詞

Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың, жаны — терең сай
Тасыған өзен күрілдеп
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі
Тау жаңғырығып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып
Бір суынып, бір ысып
Дем ала алмай дамыл қып
Елең қағып, бос шошып
Сөз айта алмай бөгелiп
Дүрсіл қағып жүрегі
Тұрмап па еді сүйеніп
Тамаққа кіріп иегі
Written by: Абай Кунанбаев
instagramSharePathic_arrow_out