積分
演出藝人
Елбол Қуанбек
演出者
詞曲
Мұхтар Тілегенұлы
詞曲創作
歌詞
Ел мен жердің қамы үшін
Лапылдап жансын намысың
Мұнар да мұнар күн кешкен
Етікпенен су кешкен
Нарлар-ай өткен тұрпатта
Жанын берген жер үшін
Ердің соңы ез болса
Ретсіз болар ұрпаққа
Бабадан қалған көз қымбат
Ілкіден тартса сөз қымбат
Зерделеп салған бөз қымбат
Гауһарлап қойған өң қымбат
Ел бірлігі ең қымбат
Ағайын күш бірлікте
Мызғымас бірлік тірлікте
Алауыздықпен дүрлікпе
Намысты нанға сатпайтын
Арды ойласақ жетерміз
Түтіні түзу түндікке
Бабадан қалған көз қымбат
Ілкіден тартса сөз қымбат
Зерделеп салған бөз қымбат
Гауһарлап қойған өң қымбат
Ел бірлігі ең қымбат
Written by: Мұхтар Тілегенұлы