Нұркеш Жалғасбай 熱門歌曲
類似的歌曲
積分
演出藝人
Нұркеш Жалғасбай
演出者
詞曲
Толқынбек Құрманбеков
作曲
Бексұлтан Орынбасаров
詞曲創作
歌詞
Досым неге қабағыңды қар басты
Тоқтаған жоқ өмір көші жалғасты
Өкпелеме өкінбе сен өткенге
Махаббатың оралмайды алғашқы
Ғашықтардың басынан не өтпейді
Маңдайыңа бұйырған жан кетпейді
Саған ғана берілген жоқ бұл өмір
Алаңдама уақыт бәрін реттейді
Көтер басты берілме сен уайымға
Тулап тұрған қаның барда бойыңда
Бәрі жақсы болады әлі күрсінбе сен
Ән саламын досым сенің тойыңда
Махаббат деп аталатын ойында
Бір жеңіліс бір жеңіс бар мойында
Бәрі жақсы болады әлі күрсінбе сен
Би билеймін досым сенің тойыңда
Көктем келсе қырда өседі қызғалдақ
Таңдап-таңдап теруші едік қызға арнап
Қызғалдақтай сол қыздарды достарым
Өсіреді ата-анасы бізге арнап
Жақсы көріп қарағанмен мың қызға
Тек шынайы сүйсінесің бір қызға
Жарқыраған айың барда жаныңда
Қарай берме жымыңдаған жұлдызға
Written by: Бексұлтан Орынбасаров, Толқынбек Құрманбеков