Madina Sadvakasova 熱門歌曲
類似的歌曲
積分
演出藝人
Madina Sadvakasova
演出者
詞曲
Қарақойшиев Ерболат Қуандықұлы
詞曲創作
歌詞
Сағаттар өтуде алға ептеп
Құлағын тағы бұрап
Келуде пойыздар, самолеттер
Сен жоқсың әлі бірақ
Күн суық, көңілім таяз емес
Күз келді Астанаға
Тоңдырған суық пен аяз емес
Себебі басқа ғана
Сен қашан ораласың?
Менің жаным болып
Менің бағым болып
Бақытым болып
Сен қашан ораласың?
Менің құшағыма
Тезірек келсеңші
Мініп ұшағыңа
Жалғыз боп өте ме тағы қысым
Қаланың көшесінде
Сен қашан келмексің, сағынышым
Қай айдың нешесінде?
Тауыстың төзім мен сабырымды
Уақытқа бағындырып
Арттырып жүрсің бе қадіріңді
Әдейі сағындырып..
Сен қашан ораласың?
Менің жаным болып
Менің бағым болып
Бақытым болып
Сен қашан ораласың?
Менің құшағыма
Тезірек келсеңші
Мініп ұшағыңа
Сен қашан ораласың?
Менің жаным болып
Менің бағым болып
Бақытым болып
Сен қашан ораласың?
Менің құшағыма
Тезірек келсеңші
Мініп ұшағыңа
Written by: Қарақойшиев Ерболат Қуандықұлы