歌詞

Заманда заман бұл заман
Пенденің пейілін ұрлаған
Біреудің тауын шақтырып
Біреудің нанын тарттырып
Диірменнің тасындай
Замана мынау зырлаған
Патша да өтті өмірден
Салдырған сарай ділдадан
Тазша да өтті өмірден
Өзегін өксік тырнаған
Байлар да өтті өмірден
Қолының кірін бұлдаған
Пайғамбар да өтті өмірден
Көңілін хақтан бұрмаған
Жан біткенге үлгі боп
Жәндікке залал қылмаған
Солардан қалған бес күнде
Ешкім де мәңгі тұрмаған
Сынаптай сырғып уақыт
Сыналып жатыр күллі адам
Нәпсі мен иман айқасып
Жақсы мен қатар жүр жаман
Бұл жалғанда не жаман
Жүрекке қатқан кір жаман
Шүкірлік етпей Аллаға
Күпірлік қылған құл жаман
Кәлимасын айта алмай
Харамнан жұртты қайтармай
Ғайбат пен өсек таратқан
Бейбаққа біткен тіл жаман
Қадірлі менің қандасым
Оянар ма екен санаңыз
Барыңды жүрсің базар қып
Арың мен тәнің алауыз
Жетімін жолда қалдырмай
Жесірін жауға алдырмай
Сүйекке таңба салдырмай
Үйреткен жоқ па бабамыз?!
Солардан қалған жас қауым
Тас бауыр болып барамыз
Анасын іздеп шарқ ұрған
Кім келсе соған талпынған
Жәутең көздерге толтырған
Жетімдер үйін қараңыз
Аспаннан олар түскен жоқ
Сізді де тапты анаңыз
Жастықта нәпсің тыймасаң
Қарттықта келмес шамаңыз
Көктемде қайрат қылмасаң
Қайғы боп келер қара күз
Бұл жалғанда не жаман
Ар сатып тапқан пұл жаман
Атаның жолын қумаған
Батасыз өскен ұл жаман
Қырық үйден тиылмай
Қырық мың жылқы қалың жиылмай
Шешеден алғыс бұйырмай
Жетесіз өскен қыз жаман
Written by: Шаhаризат Сейдахмет
instagramSharePathic_arrow_out