類似的歌曲
積分
演出藝人
Baygun
演出者
詞曲
Гайбулла Турсынов
作曲
Рустем Қайыртай
詞曲創作
歌詞
Өрлігің, құлжалығың
Кеңдігің, мырзалығың, жан ағам
Ән болып әуелейді
Інілік ырзалығым, жан ағам
Жоталы жолбарысым
Аямас қолдағысын, жан ағам
Тәубә айтам Тәңірге
Өзіңдей болғаны үшін жан ағам
Жігіттің иықтысы
Жеңгемнің сүйіктісі, жан ағам
Алаш деп атқа қонар
Ұлтымның ұйытқысы, жан ағам
Адассам табарымсың
Құламас қамалымсың, жан ағам
Әкемнен кейінгі
Сенетін адамымсың жан ағам
Оооо, жан ағам!
Теңіздей тебіренген
Інім деп еміренген, нар ағам!
Оооо, жан ағам!
Жыр қылып жүрек сөзін
Інің арнайды бүгін саған ән!
Анасы бар адамның
Ешқашан қартаймайды көңілі
Ағасы бар адамның
Ешқашан ортаймайды көңілі
Ағаңды қадірлей біл
Жоғалтсаң оралмайды өмірге
Жақсы іні бола алмаған
Жақсы аға бола алмайды өмірде
Апайтөс, арқармүйіз
Атандай білегі бар, жан ағам
Бауыр деп лүпілдеген
Жұп-жұмсақ жүрегі бар, жан ағам
Асаудай арқыраған
Асылдай жарқыраған, жан ағам
Арқамды сүйейтін
Аман жүр алтын адам - жан ағам
Оооо, жан ағам!
Теңіздей тебіренген
Інім деп еміренген, нар ағам!
Оооо, жан ағам!
Жыр қылып жүрек сөзін
Інің арнайды бүгін саған ән!
Written by: Гайбулла Турсынов, Рустем Қайыртай