收錄於

積分

演出藝人
Айбек Қайбулла
演出者
詞曲
Құрал Молжанов
作曲
Қайнар Алагөзов
詞曲創作

歌詞

Бұл өмір біреуге ауыр жүк артады
Біреуге қазына беріп сынар тағы
Біреуді қуантады біреуді мұңайтады
Бәріде уақытша ғана
Ай ай өмір өзендей неге өтпелі
Жерде кім сапар шекпеді кім кетпеді
Өлшеулі өмірдің мәні
Бірі бірін адамның бәрі құрметтеуі
Қыс келсе қалықтап жерге қар қонады
Көктемде дала гүліне нәр болады
Жаздағы көк жапырақ күз келіп сарғаяды
Бәріде уақытша ғана
Ай ай өмір өзендей неге өтпелі
Жерде кім сапар шекпеді кім кетпеді
Өлшеулі өмірдің мәні
Бірі бірін адамның бәрі құрметтеуі
Өтпелі өмір өтпелі
Кім келіп кімдер кетпеді
Мәңгілік өмір сүруге
Ешкімнің қолы жетпеді
Ай ай өмір өзендей неге өтпелі
Жерде кім сапар шекпеді кім кетпеді
Өлшеулі өмірдің мәні
Бірі бірін адамның бәрі құрметтеуі
Written by: Қайнар Алагөзов, Құрал Молжанов
instagramSharePathic_arrow_out