音樂影片

音樂影片

積分

演出藝人
Zhazira Bairbekova
Zhazira Bairbekova
演出者
詞曲
Ербол Оразбеков
作曲家
Нұршапағат Орынбасар
詞曲創作

歌詞

Ұстаздарға арналады әнім,
Сусындатқан бойға білім нәрін.
Білім болмай әр адамда, жаным,
Ұға алар ма бұл өмірдің мәнін.
Өтпес үшін құр бекерге күнің,
Бізге керек тәрбие мен білім.
Ұстаздарға алғыс айтам бүгін,
Шәкірт үшін көрмей өткен тыным.
Мереке бүгін, ұстаздар күнің,
Артсын қоғамда құның,
Сыймай құшаққа гүлің,
Сыймай құшаққа гүлің.
Көңіл толқиды бүгін,
Бермей жүрекке тыным.
Шаттық мереке күнің,
Атсын мерейің бүгін.
Ұстаздарға арналады әнім,
Себе білген ізгіліктің дәнін.
Кім болсаң да, күн болсаң да, жаным,
Ұстаздарға қарыздарсың бәрің.
Бірге шырқап айтайықшы әнді,
Бүгінгі күн сіздерменен сәнді,
Ардақтайық ұлағатты жанды,
Ұмытылмас ұстаздарым мәңгі.
Тәрбие тәлім, ұқтырған мәнін,
Сыйлап бойында барын,
Ашқан шәкірттің бағын,
Ұстаз қымбатсың бәрің.
Written by: Ербол Оразбеков, Нұршапағат Орынбасар
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...