Meirambek Besbayev 熱門歌曲
類似的歌曲
積分
演出藝人
Meirambek Besbayev
演出者
詞曲
Жарылқасын Дәулет
作曲
Серікзат Дүйсенғазы
詞曲創作
歌詞
Аққулар көлге қонады
Көңілім нұрға толады
Ғашығын күткен жүректің
Махаббат қана қонағы
Сезімнің шамы сөнбейтін
Мөлдір мұң жанды тербейтін
Сағыныш дертін жүректің
Махаббат қана емдейтін
Бағалай алсаң уақытты
Жаныңа сыйлар жақұтты
Өткінші мынау өмірде
Шын сүйген жандар бақытты
Өткінші мынау өмірде
Шын сүйген жандар бақытты
Арманың аппақ аяулы
Салмасын жанға қаяуды
Өткінші мынау өмірде
Махаббат қана баянды
Жанарың неге мұңайды
Махаббат солай сынайды
Тағдырдың қатал сынына
Шын ғашық жандар шыдайды
Бағалай алсаң уақытты
Жаныңа сыйлар жақұтты
Өткінші мынау өмірде
Шын сүйген жандар бақытты
Өткінші мынау өмірде
Шын сүйген жандар бақытты
Бағалай алсаң уақытты
Жаныңа сыйлар жақұтты
Өткінші мынау өмірде
Шын сүйген жандар бақытты
Өткінші мынау өмірде
Шын сүйген жандар бақытты
Шын сүйген жандар бақытты
Written by: Жарылқасын Дәулет, Серікзат Дүйсенғазы