Lyrics

Ең қымбат гауһардан жасалынған Тағы да тағады ол бір моншақ Сонда да жанарың жас ағылған Мен берген бір түйір гүлді аңсап Моншақ, моншақ, моншақ Мойыныңды қоршап Сыңарыңмен тұрсың Жалғыздықтан шаршап Моншақ, моншақ, моншақ Мойыныңды қоршап Кете алмайсың неге Сол моншақтан алшақ Мың моншақ сыйлайтын мәнсап тағы Біреудің боп жүрсің сүйгені Ал сенің көзіңнің моншақтары Неліктен сүймеймін дейді оны Моншақ, моншақ, моншақ Мойыныңды қоршап Сыңарыңмен тұрсың Жалғыздықтан шаршап Моншақ, моншақ, моншақ Мойыныңды қоршап Кете алмайсың неге Сол моншақтан алшақ Барам деп бақытты бал шақтарға Сыңарын іздеген арулар Алданбай алтын мен моншақтарға Махаббаттарыңды табыңдар
Lyrics powered by www.musixmatch.com
instagramSharePathic_arrow_out