Kredity
PERFORMING ARTISTS
Ninety One
Performer
COMPOSITION & LYRICS
JUZ entertainment
Songwriter
Texty
Жауаптарым естілді
Сағаттың тілдерінен
Бәрі анықталды бірақ
Қабылдағым келмейді
Қайтар,
Суырылған жүрегімді қайтар
Байлады мені бұл қиял тым зиян у құя
Құпия ашылды арамызда
А, осыдан біршама
Қателіктер бұрын
Біліп тоқтату керек ед бұны
Қазір уақыт шегінде тұрмын
Біздің жолдар бір, бірақ параллельдер
Қиылыспайд бұл тар әлемде
Бәлкім бақытты қосылғандар
Бірігіп тағдырға пара берген
Сен - менің қылмысымның куәгері
Сезімдерімді өлтірдім әр түрлі улар беріп
Жоқ, сен - қылмысымның сыбайласы
Бірге оны көміп тастап, кейіннен сыр байластық
Сенің махаббатың оттегідей маған жетіспейді
Асықпай өлтіред білдіртпей
Бірақ мен сенен сұраймын тағы!
Таралуда у
Таралуда у
Таралуда у
Түс, өңім білінбейд
Сенен емделгім келмейді
Тартып барады
Көздеріңе мәңгі қамалдым
Неге сондай
Саған ұнайды
Менімен ойнаған
Санамды улай
Сенсіз дем алам ауыр (тарат уыңды)
Бер маған ауа (ауа ауа)
Қалыпты хәлімді қауіпті қателік қалдырды ауру қылып
Маған мұнда ұнайды
Сенің әлеміңнің таптым ыңғайын
Мен тағы өзімді алдаймын
Ұмытып қайғыны уыңды сұрайм
Ал мен әбден (ал мен әбден)
Тәуелдендім оған
Сезімдерден бұны күту, тіпті, ойымда болмады
Уақытша бақытты пайдаландың-ол айдан анық
Енді шынайылық қайда
Айналған басымды босатып есімді қайтар
Қайтар,
Суырылған жүрегімді қайтар
Байлады мені бұл қиял тым зиян у құя
Құпия ашылды арамызда
Таралуда у
Таралуда у
Таралуда у
Түс, өңім білінбейд
Сенен емделгім келмейді
Қайтар,
Суырылған жүрегімді қайтар
Байлады мені бұл қиял тым зиян у құя
Құпия ашылды арамызда
Written by: JUZ entertainment

