Kredity

PERFORMING ARTISTS
Бейбіт Қорған
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Бейбіт Қорған
Songwriter
Салимов Нұржан Асхатұлы
Songwriter

Texty

Кім бар?!
Шынайы қалып сүйіп,
Махаббатқа барып биік,
Өзім жаққан жалын-отқа,
Өзім тұрмын жанып-күйіп.
Кім бар, оу?!
Жанымда менің кім бар, оу?!
Жүзін көрмей жарық күннің,
Құшағында қалып түннің,
Танымайтын тағдырымның,
Терезесін қағып тұрмын…
Кім бар, оу?!
Алдымда менің кім бар, оу?!
“Келемін қайта”-, дегенің қайда?!
Дегенің қайда “келемін қайта”?!
Жүрекпен жаным дейтін,
Елестейді сағым кейпің.
Сен сияқты мені гүлім,
Құрметтейтін, қадірлейтін
Кім бар, оу?!
Сен болмағанда, кім бар, оу?!
Құштарлықпен кезігетін,
Қуаныш боп сезілетін,
Мен сияқты сені гүлім,
Түсінетін, сезінетін
Кім бар, оу?!
Мен болмағанда, кім бар, оу?!
“Келемін қайта”-, дегенің қайда?!
Дегенің қайда “келемін қайта”?!
“Келемін қайта”-, дегенің қайда?!
“Келемін қайта”-, дегенің қайда?!
Written by: Бейбіт Қорған, Салимов Нұржан Асхатұлы
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...