Kredity
PERFORMING ARTISTS
Асхат Амангелді
Performer
QUNA
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Кенжебек Қуандық
Composer
Мұхтар Шаханов
Songwriter
Texty
Япырай, мен қайтсем екен мінезіңді сен қыздың!?
Көлдей тұнып жатыр едім, тынышымды сен бұздың,
Жүрегімнің төріне әкеп сезім отын тастадың,
Содан болар өзің жайлы жиі ойлана бастадым.
Алғашында бұл сезімді мойындағым келмеді,
Мән бергім де келмеп еді, әлде соным жөн бе еді?!
Бірақ қайдан мән бермейсің алдыңда әсем гүл тұрса,
Көктемнің шуағындай кез жауын ап құлпырса.
Япырай, мен қайтсем екен мінезіңді сен қыздың!?
Көлдей тұнып жатыр едім, тынышымды сен бұздың,
Жүрегімнің төріне әкеп сезім отын тастадың,
Содан болар өзің жайлы жиі ойлана бастадым.
Мен жеңілдім, тұңғыш рет қыз алдында жеңілдім,
Жеңілмейміз дегеніміз желігі екен көңілдің.
Менің сәби сезімімнің тыныштығын сен бұздың,
Япырай, мен қайтсем екен мінезіңді сен қыздың?!
Япырай, мен қайтсем екен мінезіңді сен қыздың!?
Көлдей тұнып жатыр едім, тынышымды сен бұздың,
Жүрегімнің төріне әкеп сезім отын тастадың,
Содан болар өзің жайлы жиі ойлана бастадым.
Япырай, мен қайтсем екен мінезіңді сен қыздың!?
Көлдей тұнып жатыр едім, тынышымды сен бұздың,
Written by: Кенжебек Қуандық, Мұхтар Шаханов

