Hudební video

Hudební video

Kredity

PERFORMING ARTISTS
Асхат Үрпек
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Ернар Нұртазин
Composer
Мағжан Жұмабаев
Songwriter

Texty

Білем анық, жаңға жайлы май сұлу,
Жарқ-жұрқ еткен майда найзағай сұлу,
Қызықты орман, көңілді еркін кең дала,
Күміс табақ көкте жүзген ай сұлу.
Сылқ-сылқ күліп сылдыр қаққан су сұлу,
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
Бейне айнадай жарқылдаған айдыннан,
Күн шығарда көтерілген бу сұлу.
Шанхай түсте өткір алтын күн сұлу,
Жымыңдаған жұлдыздар мен түн сұлу.
Толып жатыр түрлі сұлу дүниеде,
Бәрінен де маған сәулем сен сұлу.
Кешкі ескен жібек жылы жел сұлу,
Хош иісті түрлі-түсті гүл сұлу,
Әдемі аспан төбедегі көк шатыр,
Асқар тауы, дариясы мен жер сұлу.
Шанхай түсте өткір алтын күн сұлу,
Жымыңдаған жұлдыздар мен түн сұлу.
Толып жатыр түрлі сұлу дүниеде,
Бәрінен де маған сәулем сен сұлу.
Written by: Ернар Нұртазин, Мағжан Жұмабаев
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...