Songtexte
Жүзің қандай,
Атқан таңдай,
Жарық еді жылулық сыйлайтын жанға!
Тұрмын қарай,
Көзімді алмай,
Әлде сенің білмес бір сиқырың барма?
Қандай,қандай сен ғажап жан едің,
Қарай,қарай баурады әлемің.
Қалай,қалай болады өзіңе,
Жүрегімнің жеткізсем сәлемін!
Жаққан шамдай,
Бейнең балдай,
Ой-санамды түсіріп ес-түссіз жолға!
От боп лаулай,
Көкке самғай,
Ұстай алмай барамын өзімді қолға!
Written by: Дулат Құйқас, Ерлан Орынбасаров