album cover
Kobelek Effekti
1.634
Hip-Hop/Rap
Kobelek Effekti wurde am 19. Juli 2024 von õzen als Teil des Albums veröffentlichtKobelek Effekti
album cover
Veröffentlichungsdatum19. Juli 2024
Labelõzen
Melodizität
Akustizität
Valence
Tanzbarkeit
Energie
BPM89

Credits

PERFORMING ARTISTS
ZAQ
ZAQ
Performer
COMPOSITION & LYRICS
ZAQ
ZAQ
Songwriter
Olzhas Nurgaliyev
Olzhas Nurgaliyev
Composer

Songtexte

Бұл “Көбелек эффекті”
Шимайлап болғаннан кейін сиямды қаламнан сілкеймін
Бұл “Көбелек эффекті”
Ауылымда үйден үрлеймін деп, қалаңда да көтердім құйын
Бұл “Көбелек эффекті”
Шимайлап болғаннан кейін сиямды қаламнан сілкеймін
Бұл “Көбелек эффекті”
Ауылымда үйден үрлеймін деп, қалаңда да көтердім құйын
Кішкентай атомдар көзге көрінбейді, бірақ істейд ең үлкен жарылыс
Ғарыш іште, биікте емес – біз жұлдыздың шаңымыз
Жоқ шектеу – бар заңдылық,
Бол берік ұстанымыңа,
Жол дер кезде ашылады,
Сонда сен кідірме тек,
Бұл біздің өмір-мектеп,
Сен бірінші сүрінгенде,
Ашылады түрлі беттер
Сенбегендер мен жауларыңды ұста төңіректе
Жеткенде төбеге сен, олар да көміледі, е
Олар білмейді өздері маған көмектесетінін
Ертең менің қаламым оларды да тесетінін
Әрдайым ұйқастардың арасында жеке өшім
Өзімнің арымнан бөлек енді жоқ тежеуішім Bitch!
Мен екі есе бәрімен ерегесе, “биікте қысым өседі” деп,
Жүрген кезімде, сен мені жек көрмесең, мен бұл жерге жетпес ем, бәлкім…
Бұл “Көбелек эффекті”
Шимайлап болғаннан кейін сиямды қаламнан сілкеймін
Бұл “Көбелек эффекті”
Ауылымда үйден үрлеймін деп, қалаңда да көтердім құйын
Бұл “Көбелек эффекті”
Шимайлап болғаннан кейін сиямды қаламнан сілкеймін
Бұл “Көбелек эффекті”
Ауылымда үйден үрлеймін деп, қалаңда да көтердім құйын
Таңдаулар пазл тәріздес өмір суретін жинайды
Жаныңның автопортреті немесе артхаус-шимай
Ал Мен өзімдікін істедім, сол үшін өзімді сыйлаймын
Тым бөлек әлемде жападан-жалғыз секілді соңғы джедай
Жанымның шытынаған жерлерінен өткіземін жарық
Бүкіл Жер шары немесе тек бір жүрек шағын,
Одан алып жатса жалын, онда мәні бар бұл бәледе,
Орным бар бұл әлемде, жалғастырамын сол мәнерде
“Сен әлі өспедің, түсінбедің әзірге
Ертең армандарың айналады әзілге”
Дегендер болды, болады, бар қазір де,
Бірақ мен үшін тек таңғы ас мәзірде
Мен екі есе бәрімен ерегесе, “биікте қысым өседі” деп,
Жүрген кезімде, сен де маған сенбесең, мен бұл жерге жетпес ем, бәлкім….
Бұл “Көбелек эффекті”
Шимайлап болғаннан кейін сиямды қаламнан сілкеймін
Бұл “Көбелек эффекті”
Ауылымда үйден үрлеймін деп, қалаңда да көтердім құйын
Бұл “Көбелек эффекті”
Шимайлап болғаннан кейін сиямды қаламнан сілкеймін
Бұл “Көбелек эффекті”
Ауылымда үйден үрлеймін деп, қалаңда да көтердім құйын
“Көбелек эффекті”
Written by: Olzhas Nurgaliyev, ZaQ
instagramSharePathic_arrow_out􀆄 copy􀐅􀋲

Loading...