Musikvideo

Анаңа қоңырау шалдың ба? (feat. Райым Уайыc)
Анаңа қоңырау шалдың ба? (feat. Райым Уайыc) auf YouTube ansehen

Vorgestellt in

Credits

PERFORMING ARTISTS
Meirambek Besbayev
Meirambek Besbayev
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Асқар Жайлаубаев
Composer
Серікзат Дүйсенғазы
Songwriter

Songtexte

Әлдиін айтып тербеткен
Тәрбие берген жөргектен
Анаңдай асыл адамды
Табарсың қалай жер-көктен?!
Қадірлеп аппақ жаулығын
Тағдырдың тартқан тау жүгін
Ауылда қалған анаңның
Білдің бе аман-саулығын?!
Кетсең де шалғай сан қырға
Бар өзіңді еске алдың ба
Жетелеп сені жеткізген
Анаңа қоңырау шалдың ба?
Жүзіңнен шуақ төгілген
Қиналсаң, көңілі сөгілген
“Жарығым”, “балапаным” деп
Елжіреп жаны егілген
Шекпесін десең сары уайым
“Қалай деп, мама, хал-жайың?”
Ауылда қалған анаңның
Білдің бе сұрап жағдайын?
Қарамай дауыл, жаңбырға
Өзіңді салған даңғылға
Арқалап жүріп өсірген
Анаңа қоңырау шалдың ба?
Қарамай дауыл, жаңбырға
Өзіңді салған даңғылға
Арқалап жүріп өсірген
Анаңа қоңырау шалдың ба?
Анаңа қоңырау шалдың ба?
Written by: Асқар Жайлаубаев, Серікзат Дүйсенғазы
instagramSharePathic_arrow_out