album cover
Aiaulym
album cover
Aiaulym wurde am 1. Januar 2026 von RSati Records als Teil des Albums Aiaulym - Single veröffentlicht
1. Januar 2026
LabelRSati Records
BPM84
Melodizität
Akustizität
Valence
Tanzbarkeit
Energie

Musikvideo

Musikvideo

Songtexte

Көп болды бір хабар алмағалы,
Көп болды өзіңе бармағалы.
Көктемнің наз ерке самалында,
Аяулым, көп болды ән салмағалы.
Аяулым, ән-жырым қалықтасын,
Жадыра көңілің қамықпасын.
Өзіме кез болдың — қандай бақыт!
Аяулым, арманымыз шарықтасын.
Ақ қанат армандар алып ұшқан,
Аяулым, сен менен берік ұстан.
Көріспей сағынып жүрсек тағы,
Әсем ән бізді құшқан.
Аяулым, мен сені сағынамын,
Мұңайсаң — қасыңнан табыламын.
Жастық шақ жалындап кетсе-дағы,
Аяулым, тағдырыма бағынамын.
Аяулым, ән-жырым қалықтасын,
Жадыра көңілің қамықпасын.
Өзіме кез болдың — қандай бақыт!
Аяулым, арманымыз шарықтасын.
Ақ қанат армандар алып ұшқан,
Аяулым, сен менен берік ұстан.
Көріспей сағынып жүрсек тағы,
Әсем ән бізді құшқан.
Ақ қанат армандар алып ұшқан,
Аяулым, сен менен берік ұстан.
Көріспей сағынып жүрсек тағы,
Әсем ән бізді құшқан.
Ақ қанат армандар алып ұшқан,
Аяулым, сен менен берік ұстан.
Көріспей сағынып жүрсек тағы,
Әсем ән бізді құшқан.
Written by: Kozykanov Mauyetbek, Mauyetbek Mergul

Loading...