Μουσικό βίντεο
Μουσικό βίντεο
Συντελεστές
PERFORMING ARTISTS
Adilet Jaygashar
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Өмірзақ Махамбет
Composer
Рамазан Амантай
Songwriter
Στίχοι
Үйленер уақыт келсе дағы
Таба алмай жүрмін мен сені әлі
Өзіңді іздеп таусылды ғой
Саябақ кафе кеңсе бәрі
Өмірдің тауып сыйларын біз
Жар таппай жүрген бейқам ұлмыз
Қайдасың қайда түр тұлғасы
Аты жөні де беймәлім қыз
Талғамым менің тым жоғары
Таңдауым менің кім болады
Жанымды ұғар жан іздеп ем
Махаббатан да үн жоқ әлі!
Көңілде мұң бар, көзде шық бар
Есіме түсіп әз ғашықтар
Мен сені жаным іздемейін
Бір күні өзің кездесіп қал!
Беймәлім қыз!
Біраз шаруаны кеш тындырдым
Көңілге қонбай ешбір құрбым
Әкемнен ақыл естіп жүрмін
Анамнан ұрыс естіп жүрмін
Білмеймін сенің тал-бойыңды
Мекен-жайыңды мән-жайыңды
Үйіме келін болып келіп
Көтеріп тасташ абыройымды!
Written by: Рамазан Амантай, Өмірзақ Махамбет