Μουσικό βίντεο
Μουσικό βίντεο
Συντελεστές
PERFORMING ARTISTS
Иса Алимуса
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Сырым Исабаев
Composer
Қуаныш Жаманқұлов
Songwriter
Στίχοι
Көрмегенмін сен деген күндерді санап
Келер ме деп елеңдеп жолыңа қарап
Сарғаямын әрдайым сағына ойлап
Өзіңсіз бір таба алмай жаныма тағат
Сағына ойлап
Жүрегім жаралама, жаралама, жаралама жалынам
Сүйемін сені ғана, сені ғана, сені ғана сағынам
Заңына жазылмаған адал аппақ махаббаттың бағынан
Жаным-ау бағымдайсың, сағымдайсың, табылғайсың жанымнан
Кел жаныма, қон қолыма, барын берем, мен жолыңа
Кешегі бал күндердің есте елесі
Сол күндерім мөлдірім текке демеші
Мүлт еткем сыр шерткенде өзіңе жаным
Өтінемін, өтінемін өкпелемеші
Текке демеші
Жүрегім жаралама, жаралама, жаралама жалынам
Сүйемін сені ғана, сені ғана, сені ғана сағынам
Заңына жазылмаған адал аппақ махаббаттың бағынан
Жаным-ау бағымдайсың, сағымдайсың, табылғайсың жанымнан
Кел жаныма, қон қолыма, барын берем, мен жолыңа
Жүрегім жаралама, жаралама, жаралама жалынам
Сүйемін сені ғана, сені ғана, сені ғана сағынам
Заңына жазылмаған адал аппақ махаббаттың бағынан
Жаным-ау бағымдайсың, сағымдайсың, табылғайсың жанымнан
Кел жаныма, қон қолыма, барын берем, мен жолыңа
Written by: Сырым Исабаев, Қуаныш Жаманқұлов


