Lyrics

Бақыт сыйлаған,
Мәңгілік маған.
Сүюді үйреткен,
Ризамын саған.
Жанымның жақұты,
Тәңір сыйлаған,
Бағалым,
Бағалым...
Жанарың неткен,
Жарық-ау таңдай.
Баурайды мені,
Тәтті үнің балдай.
Іздейді сені,
Жоғалтып алардай,
Жанарым,
Жанарым...
Ән болып тербейтін,
Сағынсам кел дейтін.
Бағалы бақытым,
Жанымды емдейтін.
Көзімнің қарасы,
Сөзімнің дарасы,
Ешкімге бермеймін...
Өзіңе деген,
Аппақ тілегім.
Жалғанда сенетін,
Өзіңсің тірегім.
Асылым дейсің,
Үнсіз сүйесің,
Білемін,
Білемін.
Жабықсам кейде,
Жансың жұбатар.
Сендегі барды,
Жүрегім ұнатар.
Сенімен арай боп,
Әр таңым атар,
Жүрегім,
Жүрегім...
Written by: Нұршапағат Орынбасар
instagramSharePathic_arrow_out