Top Songs By Шахизада
Credits
PERFORMING ARTISTS
Шахизада
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Мұхит Қасқыр
Composer
Ел-Нұр Әлімбай
Songwriter
Lyrics
Бұл махаббат абайла
Сезім соқпас оңайға
Оңашада расымен айтшы сен
Аласың ба мен(і) ойға ...
Мен сұлу сен серісің
Бағалысың мен үшін
Естілмей ме наз үнім жазығым
Сүйгенім бе сені шын ...
Сенімге берік бол
Өмірлік серік бол
Сыңарыңа нағыз көрік бол ...
Қадірлеп өтемін
Бақытты етемін
Дегеніме солай жетемін ...
Салып жүрсің әуреге
Ұнамай ма әлдене
Тыңдамасаң тербеніп сен жайлы
Жазам босқа ән неге ...
Мұздан қатты жүрегің
Жібитінін білемін
Ұстағанша қолыңнан мен мықтап
Үзілмейді күдерім ...
Адамға жан(ы) ізгі
Адалдық маңызды
Аппақ армен намыс тәрізді ...
Кет десең кел деме
Кешіре гөр деме
Көңіл қымбат барлық пендеге ...
Written by: Ел-Нұр Әлімбай, Мұхит Қасқыр