Créditos
PERFORMING ARTISTS
akimmmich
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Turar
Songwriter
Бейімбет Еділ
Composer
Azamat Rakhat
Composer
Айдос Нурмухамедович
Songwriter
PRODUCTION & ENGINEERING
akimmmich
Producer
Letras
Қараған көздерің емдейді мені
Ол жоғары деңгейдегі медицина
Бас фанатың болып кеттім сенің
Алыста жүрсің жүрегімді қинап
Қазір қайдасың? Кімнің жанында?
Араласпа десең де түсінем
Иә, қызғаныш бар менің қанымда
Ол да саған ұнамады, білем
Ол менен де жақсырақ
Жүрегімде көп сұрақ
Қоюға да бата алмай
Айтқым келеді бірақ
Ұмытқандай түрменен
Сағынамын түнде мен
Түнде мен...
Мені ұмыттың ба?
Жүрегімнің жартысы
Ал мен қайтқым келед сол айға
Қара жерден мықты жүрегіңнің тартысы
Сені ұмытуым оңай ма?
Әлде еске алып тұрасың ба түндерде?
Біз тыңдайтын әндерге салып
Орнымды жүректегі босаттың әлде?
Менің атым өткенде қалып...
Тағы да түн келеді, түнменен мұң келеді
Есіме сені салып
Барады білгім кеп, біреумен жүрме деп
Қызғанып, есім танып
Жібермей өткенім, білсем де біткенін
Барлығы арамызда
Осылай қаламыз ба?
Түсіне алмадық, кешпедік
Өзіңмен қаншама естелік
Кіршіксіз тап-таза сезім ед
Айтшы алтыным-ау не істедік?
Сөздерге еріп біз өтірік
Қалмаймыз ба өкініп?
Не кірді арамызға?
Мені ұмыттың ба?
Жүрегімнің жартысы
Ал мен қайтқым келед сол айға
Қара жерден мықты жүрегіңнің тартысы
Сені ұмытуым оңай ма?
Әлде еске алып тұрасың ба түндерде?
Біз тыңдайтын әндерге салып
Орнымды жүректегі босаттың кімге?
Менің атым өткенде қалып...
Written by: Azamat Rakhat, Turar, Айдос Нурмухамедович, Бейімбет Еділ