Créditos

ARTISTAS INTÉRPRETES
Барақбай Бексұлтан
Барақбай Бексұлтан
Intérprete
Әмірхан Ақжол
Intérprete
COMPOSICIÓN Y LETRA
Болатбек Оразбаев
Autoría

Letra

Қайыңдар аппақ бүрледі бақта,
Қара жерге аспан үрледі мақта
Қыдырушы едік күнде жырақта
Жабырқап жүрмін мүлде бірақ та
Сен кеткелі
Жүректе мәңгі қалдың шырайлым,
Алыстап кеттің ай-күн сыңайлым
Айналам толы адам болғанмен
Өзіммен өзім жалғызсыраймын
Сен кеткелі...
Жүректе мәңгі тәтті есімің де,
Мың түрлі себеп тап кешірімге,
Махаббатыңның ақ бесігінде,
Тербет мені!
Күлкіңде еді бұлақтың әні
Жүзіңде күннің шуақты нәрі
Бақытты жандай көрінгеніммен
Жүрегім әркез жылап тұрады
Сен кеткелі
Барымды сенің жолыңда арнадым
Ұсынсам қанша қолымды алмадың
Сүреңсіз тартып сүрген күндерім
Жоғалтқан сынды өмір бар мәнін
Сен кеткелі!
Жүректе мәңгі тәтті есімің де
Мың түрлі себеп тап кешірімге
Махаббатыңның ақ бесігінде
Тербет мені.
Written by: Болатбек Оразбаев
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...