Crédits

INTERPRÉTATION
Жугунусов Мирас
Жугунусов Мирас
Interprète
COMPOSITION ET PAROLES
Жугунусов Мирас
Жугунусов Мирас
Composition
Рахымжан Саят
Paroles/Composition

Paroles

Мен отырмын сол баяғы үйімде
Сол баяғы саған ғашық күйімде
Бұл күйімнен шығара алмай түйін де
Біз екеуміз не себепті қоштастық?
Қоштасатын болсақ неге достастық?
Қосты ма екен екеумізді бос жастық?
Мезгілсіз
Келіп алған қоңыр күздей
Келді уайым мені іздей
Дым дегізбей
Белгісіз
Жүр ме екенсің үміт үзбей
Ғашық таппай екеуміздей
Дәл біздей
Сағындың ба?
Бір хабарын бер
Жаурасаң егер
Жаныма кел
Алыста жүрмей бекер
Сағындың ба?
Созбай мұңымды
Айтшы шыныңды
Жүрегіңде
Сезім бар ма бұрыңғы?
Көп ойландым, бұл сұраққа келіп мен
Қосылмасақ - кездестік біз неліктен?
Ойын ба еді, бұл жай ғана еріккен?
Кету үшін келсек неге сырластық?
Күні-түні не себепті мұңдастық
Қосты ма екен екеумізді құр жастық?
Мезгілсіз
Келіп алған қоңыр күздей
Келді уайым мені іздей
Дым дегізбей
Белгісіз
Жүр ме екенсің үміт үзбей
Ғашық таппай екеуміздей
Дәл біздей
Сағындың ба?
Бір хабарын бер
Жаурасаң егер
Жаныма кел
Алыста жүрмей бекер
Сағындың ба?
Созбай мұңымды
Айтшы шыныңды
Жүрегіңде
Сезім бар ма бұрыңғы?
Written by: Жугунусов Мирас, Рахымжан Саят
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...