Gadilbek Zhanay के शीर्ष गीत
इसी प्रकार के गाने
क्रेडिट्स
PERFORMING ARTISTS
Gadilbek Zhanay
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Gadilbek Zhanay
Composer
Rinat Zaitov
Songwriter
गाने
ХАНШАЙЫМ (ханшайымым-ау)
Жаныңа салып сенің байқамай мұң,
Сүйемін деп те сирек қайталаймын.
Қасымда жүрген соң,
Биіктігіңді де көп байқамаймын.
Соқтырса да қатал күндер ызғарын
Қабағыңды маған мүлде бұзбадың
Жүзікпен емес біз
Жүректерімізбен біргеміз жаным
[Қайырмасы]
Ханшайымым-ау,
Жүрегім менен ошағымның иесі.
Шаңырағым мен шаттығымның киесі,
Ыстық сезіммен үнсіз ғана сүйесің.
Ханшайымым-ау,
Бағымды менің жалғыз өзің еселер,
Бағымның гүлі болып бақыт кеше бер.
Бағаңа жетпей жатсам егер кей кезде,
Сен кеше көр.
Басымды да өзің төрге сүйреген,
Ешбір адам мені сендей сүймеген.
Тілегім сол ғана,
Өмірлік біздерді бөлмесін деген.
[Қайырмасы]
Ханшайымым-ау,
Жүрегім менен ошағымның иесі.
Шаңырағым мен шаттығымның киесі,
Ыстық сезіммен үнсіз ғана сүйесің.
Ханшайымым-ау,
Бағымды менің жалғыз өзің еселер,
Бағымның гүлі болып бақыт кеше бер.
Бағаңа жетпей жатсам егер кей кезде,
Written by: Gadilbek Zhanay, Rinat Zaitov