Dari

PERFORMING ARTISTS
Алтынай Жорабаева
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Arman Duisenov
Arman Duisenov
Songwriter

Lirik

Бәйтеректей саялы,
Алақаның аялы,
Маңдайымнан сыйпаған менің.
Қамқор аға әкедей,
Еркелеткен мәпелей,
Тілегіңнен сый табам сенің.
Қарлығаштай қанатың,
Талмай, тынбай қағатын,
Жасымаған көзіңе сенем.
Жетеледің жеткіздің,
Қарызымыз көп біздің,
Асыл ағам өзіңе деген.
Құтты болсын, ағажан, қуанышың!
Азамат боп ер жетті-ау жұбанышың,
Өмірінің шырағын сөндірмесін,
Көңіліңнің жалғасын, ұл ағысын.
Бізді ойлап жүргенде,
Байқатпастан бір демде,
Ер жетіпті-ау ұл-қызың бүгін,
Кір шалмаған арыңмен,
Жаздай сұлу жарыңмен,
Жана берсін жұлдызың бүгін.
Бұл тойыңды аңсадық,
Қызмет қып, жар салып,
Еріп келем ізіңнен сенің.
Тойың тойға ұласып,
Бақ -дәулетің гүл ашып,
Нұр таймасын жүзіңнен сенің.
Written by: Arman Duisenov
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...