Dari

PERFORMING ARTISTS
Toregali Toreali
Toregali Toreali
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Esen Zhusupov
Esen Zhusupov
Composer
Kainar Alagozov
Kainar Alagozov
Songwriter

Lirik

Теңізден өттік телегей, мұхитқа жеттік кемедей
Айсбергтерді елемей, оңға, солға
Жолдағы тау да төбедей, тағылған тасқа шегедей
Сұр мерген атқан жебедей, Алға
Алға тек, алға, жігіттері қазақтың
Еліңді қорға, Қазақ елі ғажаптым
Демеушім Алла, басқасынан азатпын
Қырандай самға, жігіттері Қазақтың
Өр еңсемізді бас қылмай, намысымызды бастырмай
Даланы кезген қасқырдай, оңға, солға
Уықты ұстаған басқұрдай, Қазаққа Қазақ қас қылмай
Жартасқа соққан тасқындай, Алға
Алға тек, алға, жігіттері қазақтың
Еліңді қорға, Қазақ елі ғажаптым
Демеушім Алла, басқасынан азатпын
Қырандай самға, жігіттері Қазақтың
Біз Қазақ данамыз, әлемде дарамыз
Ер жүрек бабамыз, ақ жүрек анамыз
Алыстап қара күз, жақындап барамыз
Жұмылып жүрейік, ашылып санамыз
Түрленіп қаламыз, гүлденіп даламыз
Көршіге күйдіргі, көркейіп барамыз
Бар байлық біздікі, бір болсақ қана біз
Шын өмір таппай шаттанбай
Жаңалық ашпай мақтанбай
Атамыз Жұбан айтқандай
Бір қадам бассаң алға бас
Алға тек, алға, жігіттері қазақтың
Еліңді қорға, Қазақ елі ғажаптым
Демеушім Алла, басқасынан азатпын
Қырандай самға, жігіттері Қазақтың
Written by: Esen Zhusupov, Kainar Alagozov
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...