Dari
PERFORMING ARTISTS
akimmmich
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Айдос Нурмухамедов
Songwriter
Lirik
Сен өзгемен жүргеніңді мен көре алмай
Қызғаныштан өртеніп кете беремін
Сенен айрылып, болып қалдым сормаңдай
Қазір кімнің құшағындасың, сүйгенім?
Мені сүйгенге жүрегімді бере алмай
Теріс айналған жүректерге еремін
Сен өзгені тауыпсың дым болмағандай
Ал мен өзіңді аңсап әлі келемін…
Сен кеткелі бақыттан айрылып қалдым ба?
Сағынып алдым “sad” әуенге салдым да
Сұлулар тұрса да алдымда
Алмады жүрегім қабылдап
Мен байланып қалдым
Сен мені сиқырлап алдың ба?
Ешкімге қарамай сүюді үйретіп, қайда кеттің?
Алыстадың, қайда жеттің?
Көзіңді өзгеге салдың ба?
Бір кездері сүйем деп жүр едің
Қазір өзгеде жүрегің
Мен керек емес боп қалдым ба?
Сен өзгемен жүргеніңді мен көре алмай
Қызғаныштан өртеніп кете беремін
Сенен айрылып, болып қалдым сормаңдай
Қазір кімнің құшағындасың, сүйгенім?
Мені сүйгенге жүрегімді бере алмай
Теріс айналған жүректерге еремін
Сен өзгені тауыпсың дым болмағандай
Ал мен өзіңді аңсап әлі келемін…
Written by: Айдос Нурмухамедов