Dari

PERFORMING ARTISTS
Luina
Luina
Performer
Nora Nugman
Nora Nugman
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Қуандық Ескелді Абдулмансұрұлы
Songwriter

Lirik

(Жетер)
Жамандайды неге әйелді
(Жетер)
Кінәлайды неге әйелді
(Жетер)
Оданда үнсіз оны сүй
Сұлулық құтқарады әлемді
Әйел, соңғы екі әрібі ел.
Бір қолында бесік,бір қолымен бұл әлемді тербетер.
Қайда еркектер ? эй!
Бізді еркелетіп жүретін нағыз еркектер а?
Неліктен қалайсың қызыңның болғанын Sexy?
Өзіңнің қолыңда неге ноль пять pepsi ?
Ырбаңдағанды қояйық,
(Жетер)
Нәзік жанды аялайық.
(Жетер)
Жамандайды неге әйелді
(Жетер)
Кінәлайды неге әйелді
(Жетер)
Оданда үнсіз оны сүй
Сұлулық құтқарады әлемді
Ооо әйел, сенің көрмегенің жоқ дейді мына ел,
Үнсіздің енді жетер….
40 үйден тыйым қойып қап қара бөлмеге байлама мені,
Менің атым еркіндік ерігіп жүргендердің өтіріктерін Бетіне басам .
Әйелдер сөйлей қалса,
Ренжиді аяқ астан.
Баланы жастан , әйелді бастан айналайын
Ыдыс аяқты сылдырлататын кім?
(Әйел)
Өсекті жайып тарататын ол кім?
(Әйел)
Кінәнің бәрін бізден іздеу бекер,
(Бекер)
Өзіңді жөндеп үлгер…
(Жетер)
Жамандайды неге әйелді
(Жетер)
Кінәлайды неге әйелді
(Жетер)
Оданда үнсіз оны сүй
Сұлулық құтқарады әлемді
Written by: Қуандық Ескелді Абдулмансұрұлы
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...