Crediti
PERFORMING ARTISTS
Әсет Есжан
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Ұшқын Жамалбек
Composer
Мөлдір Айтбай
Songwriter
Testi
Махаббатын арнайтын
Тіршілігін жалғайтын
Сөндірмейтін сезім шырағын.
Әрбір адам өмірде
Жүрегінің төрінде
Іздейді екен егіз сыңарын.
Еркек өмір арнасы
Әйел өмір жалғасы
Кедергі жоқ екі арада.
Тағдырыңның бұйрығы
Сезіміңнің сыйлығы
Бағалай біл оны бағала.
Таласады, Санасады
Адамның бәрі
Жарасады, Адасады
Жолдарда тағы.
Шаттық үшін, Бақыт үшін
Аңсаған жаны.
Иілу мен сүю ғана
Махаббат заңы.
Көз жасында әйелдің
Құпиясы әлемнің
Күлкісінде бақыт бар
Қажеті жоқ дәлелдің.
Таусылмайтын сұрағы
Басылмайтын құмары
Разылығы еркектің
Екі дүние жұмағы.
Ауыр сынға алынбай
Ауыр ойға салынбай
Махаббаттың алауы
Жану үшін жалындай.
Бір-біріне бағынбай
Тулай бермей дауылдай
Жанұяның жан сырын
Сақтау керек жаныңдай!
Нәзіктікті аяла
Батырлықты саяла
Алмау үшін бақты ұшырып.
Бұл әлемнің тірегі
Бар адамның тілеуі
Сыйластық пен терең түсінік.
Өту үшін жыламай
Жету үшін құламай
Өмір атты ұлы сапардан
Ердің күші білекте
Әйел күші жүректе
Біріккенде ғана қаһарман!
Written by: Мөлдір Айтбай, Ұшқын Жамалбек

