Crediti
PERFORMING ARTISTS
Шәмші Қалдаяқов
Performer
Тахауи Рахметов
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Шәмші Қалдаяқов
Composer
Мұзафар Әлімбаев
Songwriter
Testi
Қайда жүрсем сені
Ұмытпаймын Елім
Бар бақытым менің
Ұлы Отаным
Кеудемдегі күнді
Кеудемдегі гүлді саған ғана берем
Отаным
Сендік барлық әнім, аяулы Отаным
Асыл ана, асыл ана
Өмірім менің нұр таңым
Қызыл туым менің
Қызық күнім менің
Асқар тауым елім –
Ана-Отаным
Көп күндерім жарқын
Жас өмірім алтын
Арналады саған
Отаным
Сендік барлық әнім, аяулы Отаным
Асыл ана, асыл ана
Өмірім менің нұр таңым
Орман, көлім менің
Арман жерім менің
Сүйем сені мәңгі
Ұлы Отаным
Жаралғаным үшін
Көп арманым үшін
Мен сүйемін сені
Отаным
Сендік барлық әнім, аяулы Отаным
Асыл ана, асыл ана
Өмірім менің нұр таңым
Асыл ана, асыл ана
Өмірім менің нұр таңым
Written by: Мұзафар Әлімбаев, Шәмші Қалдаяқов

