クレジット

PERFORMING ARTISTS
Kyle Ruh
Kyle Ruh
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Талғат Молдағалиев
Composer
Шәмші Қалдаяқов
Шәмші Қалдаяқов
Songwriter
Madi Rymbaev
Madi Rymbaev
Arranger

歌詞

Көзіңнен бір ұшқын
Ұшты ма, білмедім
Әйтеуір, нұр құштым
Әйтеуір, гүлдедім
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады
Кел, билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым, таң нұрымен ашылған
Сезім, шіркін, ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған
Әнбісің төгілген
Жырмысың армандай
Бір бақыт көрінген
Жақындап қалғандай
Жанарың ұшқыны
Жүректе жанады
Қолыңның ыстығы
Қолымда қалады
Кел, билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым, таң нұрымен ашылған
Сезім, шіркін, ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып…
Бақыт құшағында
(Бақыт құшағында)
Бақыт құшағында
(Бақыт құшағында)
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
(Бақыт құшағында)
Бақыт құшағында
(Бақыт құшағында)
Бақыт құшағында
(Бақыт құшағында)
Written by: Талғат Молдағалиев, Шәмші Қалдаяқов
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...