クレジット

PERFORMING ARTISTS
Qurmash Makhan
Qurmash Makhan
Performer
COMPOSITION & LYRICS
Құрманбай Махан
Composer
Серік Мақұлбекұлы
Songwriter

歌詞

Болған соң мойнымдағы бас қарызым
Айтайын өтер-өтпес дос қарызың
Жәннатқа жақсы істермен жарысайық
Орындап мұсылманның бес парызын
Иманды баға жетпес нұрға балап
Ақылды адам одан құр қала ма?!
Дүниені әркімдерге-ақ берген Раббым
Дінді тек берер сүйген құлға ғана
Ендеше дін тірегі намаз дейді
Намазбен пенде Алладан пана іздейді
Құлшынып, құлшылығын арттырғандар
Құраннан ешқашанда ара үзбейді
Тұтпаса уағымен оразаны
Адамның тәні толып жаны азады
Тұрмаса тізгінделіп тіл мен нәпсі
Тозақтың сенде дей бер бар азабы
Парызды сонан соңғы зекет дейді
Қолыңа нелер келіп, не кетпейді?!
Бергенің береке боп ақыретте
Жұмақтың биігіне жетектейді
Алланың түссе саған назары асыл
Сүймейсің бос мақтау мен сөз аласын
Инша Аллаһ қабыл болса қажылығың
Анаңнан туылғандай тазарасың
Жаратқан бай – кедей деп жіктемейді
Жалқаулық сараңдыққа құп демейді
Қиын жоқ бес парызда, біздерге Аллаһ
Келместі қолымыздан, жүктемейді!
Written by: Серік Мақұлбекұлы, Құрманбай Махан
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...