제공

크레딧

실연 아티스트
Кенесары Мизамов
실연자
작곡 및 작사
Кенесары Мизамов
작곡가
Ерболат Қарақойшы
송라이터

가사

Тіршілікте ата-анаңның ақ батасын алып үлгер,
Ауылыңа , бауырыңа назарыңды салып үлгер.
Жұмысқа да, туысқа да барлығына барып үлгер,
Өтініш боп, өкініш боп артта талай қалады күндер.
Жаман болсаң жақыныңда жағаламайды,
Жақсы болсаң дұшпаныңда табаламайды.
Адал бол және адам бол.
Ешкім сені ешқашан алаламайды.
Құдайыңа , жұбайыңа жақын болып үлгер,
Қоғамыңды, қонағыңды құрметпенен тосып үлгер.
Ұл ұяға, қыз қияға қатарына қосып үлгер
Сенен өтер, менен өтер мәңгі емес осы бір күндер.
Жаман болсаң жақыныңда жағаламайды,
Жақсы болсаң дұшпаныңда табаламайды.
Адал бол және адам бол.
Ешкім сені ешқашан алаламайды.
Бұл өмірден байда өткен, патша да өткен,
Ақын өткен , батыр өткен, басқа да өткен.
Сыйластық өмірдің мәні
Ешкім жоқ қу дүние мен ақшаға жеткен.
Written by: Ерболат Қарақойшы, Кенесары Мизамов
instagramSharePathic_arrow_out