album cover
jarty
album cover
Utwór jarty został wydany 24 maja 2026 przez Turan Media jako część albumu jarty - Single
24 maja 2026
WytwórniaTuran Media
BPM109
Melodyjność
Akustyczność
Valence
Taneczność
Energia

Tekst Utworu

Мен саған ырзамын, кейде ызамын,
Қайдан пайда болады арада жалын?
Неге қайта-қайта қалымды сұрадың,
Неге қайта-қайта қолымды ұстадың?
Секілді махаббат қазіргі шағым,
Өзіңмен өткізсем ғой әрбір таңымды.
Баладай ойнап жүрмін қасыңда, жаным,
Секіртеді, билетеді әзірге ұшағым.
Ғашық тілі – тілсіз тіл,
Көзбен көр де, ішпен біл.
Сүйсе жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл.
Ол тілге едік оңтайлы,
Қаріпсіз біліп сондайды.
Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек,
Енді ішіме қонбайды.
Сен мүлдем түсінбейсің,
Қаншалықты тәтті екенін иісіңнің.
Үнемі көтерме дейсің,
Егер құласам, көтермелейсің
Саған келем өз еркіммен,
Бұл кештер есте қалады.
Жүре берме көлеңкеде,
Өмірде не істейді адам?
Абай бол ей жүрегіме
Тек сені естей алам.
Жанымда бол жүрек жартысы,
Сен мүлдем түсінбейсің,
Қаншалықты тәтті екенін иісіңнің.
Үнемі көтерме дейсің,
Егер құласам, көтермелейсің
Written by: Zhauynbayeva Zhuldyz

Loading...