Vídeo da música
Vídeo da música
Créditos
INTERPRETAÇÃO
IL'HAN
Interpretação
COMPOSIÇÃO E LETRA
Ильхан Ихсан
Composição
Тілеген Әли
Composição
Letra
Қыз бен Жігіт дос бола ма?
- Болмайды!
Сен ойыңнан шығара сал ондайды
Бір-бірімен дос боп жүрген, Қыз-Жігіт
Бір-біріне ғашық болып сорлайды
Басқа жанға ауып жүр ме, аңсарың?
Басқа жанға арнала ма, бал шағың?
Онда саған айтатындай түгім жоқ
Менде артыңнан жүгіруден шаршадым!
Енді сені ойламаймын, бармаймын
Енді менде өз жолымды таңдаймын
Енді саған хат жазбаймын түнімен
Енді саған қоңырауда шалмаймын
Сен осыны есте сақта, қалайда
Сезім тұсау сала алмаған талайға
Тəкəппарсың деген сайын, шалқайып
Көкіректі кере берме, жарай ма?!
Тек сен үшін дүрсілдейді жүрегім
Сен оны да түсінбейсің, білемін
Кері ғашық бола алмадым басқаға
Мені ғашық қылатындай, кім едің?
Қыз бен Жігіт дос бола ма?
- Жоқ, Гүлім!
"Болады" деп берді саған отты кім?
Бір-бірімен дос боп жүріп, ақыры
Бір-біріне қосылғандар көп бүгін
Басқа жанға ауып жүр ме, аңсарың?
Басқа жанға арнала ма, бал шағың?
Онда саған айтатындай түгім жоқ
Менде артыңнан жүгіруден шаршадым!
Енді сені ойламаймын, бармаймын
Енді менде өз жолымды таңдаймын
Енді саған хат жазбаймын түнімен
Енді саған қоңырауда шалмаймын
Сен осыны есте сақта, қалайда
Сезім тұсау сала алмаған талайға
Тəкəппарсың деген сайын, шалқайып
Көкіректі кере берме, жарай ма?!
Тек сен үшін дүрсілдейді жүрегім
Сен оны да түсінбейсің, білемін
Кері ғашық бола алмадым басқаға
Мені ғашық қылатындай, кім едің?
Written by: Ильхан Ихсан, Тілеген Әли