Créditos

INTERPRETAÇÃO
Zhazira Bairbekova
Zhazira Bairbekova
Interpretação
Zhanbolat Erbatyrov
Zhanbolat Erbatyrov
Interpretação
COMPOSIÇÃO E LETRA
Нұржан Шөкенов
Composição
Ринат Зайытов
Composição

Letra

Сақтаған бойдағы өр намысын,
Жаңылмас жолынан жолбарысым.
Алынбас қамалдай қорғанышым әке,
Бір беткей бетінен тайынбаған.
Ертеңгі күніме уайымдаған,
Аламан өмірге дайындаған Әке.
Қаталдық көрсемде қабағыңнан,
Махаббат сездірдің жанарыңнан.
Әкелік жүрегің дара нұрдан әке,
Қауырсыны болдым қанатыңның.
Тамырыңнан сенің таратылдым,
Бір тамшы қаныңнан жаратылдым, Әке .
Атыңды кірлетпей өтсем деймін
Асқар тау биігім тек сен деймін.
Арманыңа сенің жетсем деймін әке,
Жусанындай болып боз даланың.
Тағдырдың желімен қозғаламын,
Ұқсатса өзіңе мәз боламын әке.
Written by: Нұржан Шөкенов, Ринат Зайытов
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...