album cover
album cover
Ushamyn foi lançado em 15 de dezembro de 2025 por ZINEKEN MUSIC como parte do álbum Ushamyn - Single
15 de dezembro de 2025
SeloZINEKEN MUSIC
BPM100
Melodicidade
Acusticidade
Valence
Dançabilidade
Energia

Letra

Ғашықпын өзімнің өміріме,
Бекерге мұңайып керегі не.
Армандар көп еді жүрегімде,
Ойлап жүрем күнде.
Қиялға бір арман жетелейді,
Сол арман маған маза бермейді.
Жетуге тоқтамаймын кедергі
Мейлі болсын мейлі.
Ұшамын жер менен көкте қиялым аспан,
Әлемім әр күні маған тек құшағын ашқан.
Арманым күтеді алдан мен көзімді ашсам,
Мен көзімді ашсам...
Ұшамын жер менен көкте қиялым аспан,
Әлемім әр күні маған тек құшағын ашқан.
Арманым күтеді алдан мен көзімді ашсам,
Әр күні жаңа қадамды бассам.
Бақыттан қуанып айға барам,
Сезініп бақытты айналадан.
Бәрібір арманым шақырады,
Басқа қайда барам.
Қиялға бір арман жетелейді,
Сол арман маған маза бермейді.
Жетуге тоқтамаймын кедергі
Мейлі болсын мейлі.
Ұшамын жер менен көкте қиялым аспан,
Әлемім әр күні маған тек құшағын ашқан.
Арманым күтеді алдан мен көзімді ашсам,
Мен көзімді ашсам...
Ұшамын жер менен көкте қиялым аспан,
Әлемім әр күні маған тек құшағын ашқан.
Арманым күтеді алдан мен көзімді ашсам,
Әр күні жаңа қадамды бассам.
Written by: Бахтияр Абишов, Рахымжан Рамазан
instagramSharePathic_arrow_out􀆄 copy􀐅􀋲

Loading...