Видео

Видео

Создатели

ИСПОЛНИТЕЛИ
Лаура Сабыр
Исполнитель
МУЗЫКА И СЛОВА
Нұртуған Жаңабай
Композитор
Елнұр Нұрқасым
Автор песен

Слова

Ұсынысты тастадың,
Жүрегіңді ашпадың,
Мен де ойлай бастадым:
Жаныма нұр себеді екен деп.
Алдымнан бір өтпедің,
Жөн болмады кеткенің,
Мен де сосын жоқ дедім,
Тағы да бір келеді екен деп.
Сонда маған сүйемін деп,
Отыңа да күйемін деп,
Қайта-қайта айтпағаның ба?
Сәл ойланып көрер едім,
Айтқаныңа көнер едім,
Айтқаныңнан қайтпағаныңда.
Тәрбиелі текті ұлсың,
Менде қалай кек тұрсын?
Бақытты бол деп тұрсың,
Бәлкім, мені қимағаныңнан.
Сен менсіз де дүр едің,
Жараланбас жүрегің,
Бақытыңды тіледім,
Мен өзіңді сыйлағанымнан.
Written by: Елнұр Нұрқасым, Нұртуған Жаңабай
instagramSharePathic_arrow_out

Loading...