album cover
Shamdar (Intro)
395
Hip-Hop/Rap
Shamdar (Intro) was released on July 19, 2024 by õzen as a part of the album Kobelek Effekti
album cover
Release DateJuly 19, 2024
Labelõzen
Melodicness
Acousticness
Valence
Danceability
Energy
BPM80

Credits

PERFORMING ARTISTS
ZAQ
ZAQ
Performer
COMPOSITION & LYRICS
ZAQ
ZAQ
Songwriter
Olzhas Nurgaliyev
Olzhas Nurgaliyev
Composer

Lyrics

Шамдар сөнеді, оянады құбыжықтар
Қала көне, бұл бала білмейді оның аңызын
Түнек-Түнек оны жұтады, оны жұтады
Шамдар сөнеді, шимайлайды қауырсын
А-а-а-а-а, а-а-а-а-а, а-а-а-а-а
Көшелер сондай таныс,
Бірақ сенің жүрегің бөтен бұл жерге
Ал үйің әлі алыс, қайда болсаң да сен артықсың неге?
Шамдар сөнеді, шамдар сөнеді
Үй керек дәу-дәу
Төрт дөңгелек дәу-дәу
Бәрі керек дәу-дәу
Ауқымды масштабта, тым алыс аштықтан
Үй керек дәу-дәу
Төрт дөңгелек дәу-дәу
Бәрі керек дәу-дәу жай емес,
Бұның бәрі де жай емес
Бола жаздағанда жарымес,
Болып та кеткенде жарымес,
Түсіндім бұл маған тән емес,
Бұл бәле сән емес
Кейін бәрі болады, бірақ қазір емес,
Сол үшін мәз емеспін,
Қанша жүремін әлі өйстіп,
Іштегі ашуым өсті,
Ішімнен тасжүрек өсті
Бұл қаламен дәл солай көрістім
Немен бітсе де соңы фильмнің,
Күлкіге айналады титрге дейінгі қиындық,
Айналада түн – менің жарқырауыма дейін,
Бірақ бұл қалада бәрі сені жеуге дайын!
Айналаның бәрі өштей,
Бәрі баяу ғана көзбен өртейді
Неге екенін білмедім, бірақ “өш” дейді
Неге екенін білмедім, бірақ сөнбеймін, бәрі OK!
Битте агрессивті сырғанаймын – хоккей
Бәрі жарысуда кімде әдемі косплей
Мен кіргенде ойынға енді бәрі бос деймін, соңғы босс мен!
Бұл деңгейде болмайды демалыс тек дроп-сет,
Мен бастағанда бұларда болған жоқ сенім,
Енді қазір аяқ-асты бәрі дос кілең,
Сіккен әңгіме, бетті көрсет!
Ауаны тебумен көп, уақытты өлтіруде
Бәрінен қамалып төрт қабырға, бір бөлмеде
Дайындап отырдым өрт, күліңді үгітуге
Келіп ем осы күйде, бәрін алуға түгел
Ендігәрі ет жинаймын соло
Бұған дейін берген заттардың бәрі болды – сол қол
Бәріміз көреміз енді кім күледі соңынан
Лого - “үш катана”, әкел басыңды, бұл Зоро
Тура дәл ертегідегідей бәрі де кейпінде, мен де келемін бәрін кекете
Кепілдік бекіте есімімен сапаға – сақтандыру куәлігінде секілді. М?
Желкелер шағылды тербеле, м?
Сендерге тағы да не керек, м?
Флоумен қоя аламын шегелеп, м?
Шегелеп, шегелеп, м? М?
Бері кел, айт енді керемет кім?
Еріге тым, тербеттім, елемедім сендердің “мен-мен” дегендеріңді, көрмедім дым-дым-дым
Есікте тұрмын, аш, “тың-дың”,
Мен кеттім үстіне шыңның,
Болғанда астында сынның,
Тек үлгерді ұлғайып жыным
Сол үшін бәріңе жаудырамын осындай мәлімет,
Мен келдім бүгіннен мәңгіге, беріп әсер әніммен тәніңе,
Әйтпесе бұл бәленің мәні не?
Әйтпесе бұл бәленің мәні не?
Әйтпесе бұл бәленің мәні не?
Әйтпесе бұл бәленің мәні не? Не?
Written by: Olzhas Nurgaliyev, ZaQ
instagramSharePathic_arrow_out􀆄 copy􀐅􀋲

Loading...